jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Кирилл Проходов семсерлесуден 2026 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

    Кирилл Проходов
    Кирилл Проходов. Фото: Владислав Семенов / ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

    Шпагамен семсерлесуден Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Кирилл Проходов 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында күміс медаль иеленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында семсерлесуден жарыстар жалғасып жатыр.

    Кезекті сайыс күнінде әйелдер арасында қылышпен, ал ерлер арасында шпагамен семсерлесуден жекелей сындар өтті. Қылышпен семсерлесуден Әйгерім Сарыбай мен Анастасия Гулик 1/8 және 1/16 финал межесінен өте алмады.

    Шпагамен семсерлесуден құрама көшбасшысы Руслан Курбанов 1/8 финалда Гонконг өкілі Хо Тин Нгтен жеңіліп қалды.

    Ал Кирилл Проходов финалға дейін жеткенімен, шешуші сәтте 2024 жылғы жапониялық семсерлесуші, Олимпиада чемпионы Коки Каноға 13:15 есебімен есе жіберіп, құрлықтық ойындардың күміс жүлдегері атанды.

    Айта кетейік, 19 жастағы қазақстандық спортшы – Азия чемпионы, сондай-ақ 2026 жылғы әлем біріншілігінің командалық жарысында жеңіске жеткен.

    Кирилл Проходов семсерлесуден 2026 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram