jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Азиада-2026: қазақстандық байдаркашылар ел қоржынына тағы бір медаль салды

    Қазақстандық байдаркашылар
    Қазақстандық байдаркашылар. Фото: Нұрғали Жұмағазы / Ұлттық олимпиадалық комитет

    Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында байдарка және каноэде есуден Қазақстан әйелдер құрамасы жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Ұлттық құрама 500 метр қашықтықтағы төрттік байдарка жарысында үшінші орын алды. Қазақстан намысын Ольга Шмелёва, Татьяна Токарницкая, Стелла Суханова және Эвелина Костенко қорғады.

    Спортшылардың нәтижесі – 1 минут 37,005 секунд. Жарыста Қытай құрамасы жеңіске жетсе, өзбекстандықтар екінші орынға ие болды.

    Бұл – Шмелёва мен Токарницкая үшін 2026 жылғы Азия ойындарындағы екінші медаль. Бір күн бұрын олар жұптық байдарка жарысында күміс жүлдегер атанған еді.

    Азиада-2026: қазақстандық байдаркашылар ел қоржынына тағы бір медаль салды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram