Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясының президенті болып сайланды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстандық кәсіпкер Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) жаңа президенті болып сайланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
FIDE Бас ассамблеясының отырысы 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы өтіп жатқан Өзбекстанның Самарқанд қаласында ұйымдастырылды.
Турлов өз кандидатурасын үндістандық әлем чемпионы және гроссмейстер Вишванатан Анандпен бірге ұсынды. FIDE басшысы қызметіне басқа үміткерлер ретінде германиялық Ян Хенрик Бюттнер мен Вадим Розенштейн қатысты.
Дауыс беруге 202 ұлттық федерация қатыса алды. Бірінші турда 192 дауыс қабылданды. Оның 96-сын Турлов иеленді, бұл – дәл 50 пайызы. Қазақстандыққа жеңіске жету үшін бір дауыс жетпей қалды, сол себепті Турлов пен Розенштейн арасында екінші тур тағайындалды.
Рәсімге қатысушылардың кейбірі техникалық ақауларды жойды. Екінші турда 196 дауыс есепке алынды. Турлов 110 дауыс, Розенштейн 85 дауыс жинады, ал бір федерация қалыс қалды.
Осылайша, қазақстандық жеңіске жетіп, FIDE президенті ретінде ресейлік Аркадий Дворковичті алмастырды. Дворкович 2026 жылдың шілдесінде Еуропалық Одақтың санкциялық тізіміне ілінгеннен кейін өз кандидатурасын ұсынбаған болатын.
2023 жылы Турлов Қазақстан шахмат федерациясын басқарды. Сондай-ақ ол Халықаралық мектеп шахмат федерациясына жетекшілік етеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2433811-timur-turlov-halyqaralyq-shahmat-federatsiiasynyng-prezidenti-bolyp-sailandy/
