jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Азиада-2026: қазақстандық синхронды жүзушілер Болатова мен Тұяқова қола медаль жеңіп алды

    Наргиза Болатова мен Ясмин Тұяқова
    Наргиза Болатова мен Ясмин Тұяқова (солдан оңға). Фото: Yuichi Masuda/Getty Images

    Наргиза Болатова мен Ясмин Тұяқова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында әртістік жүзуден жұптық сайыста қола жүлдеге ие болды, деп хабарлады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Спортшылар әйелдер арасындағы дуэт жарысында үшінші орынға ие болды. Техникалық бағдарламадан кейін төртінші орында келе жатқан олар, еркін бағдарламаның қорытындысы бойынша Өзбекстан өкілдерін басып озды.

    Болатова мен Тұяқова жалпы есепте 565,7326 ұпай жинап, қола жүлдені иеленді. Қытайлық Линь Яньцзюнь мен Сюй Хуэйянь (640,3576) чемпион атанса, жапониялық Моэ Хига мен Томока Сато (601,5566) күміс жүлдеге қол жеткізді.

    Тұяқова бұған дейін Ханчжоу-2022 Азия ойындарында Арина Пушкинамен бірге дуэт сынында қола жүлде алған болатын. Ол кезде Қазақстан құрамасы командалық жарыста да үшінші орын алған еді, оның құрамында Болатова мен Тұяқова да болған.

    2026 жылғы Азия ойындарында әртістік жүзуден тағы бір медальдар жиынтығы сарапқа салынады. 27 қыркүйекте Қазақстан құрамасы аралас командалық жарыста техникалық бағдарламаны, ал келесі күні еркін бағдарламаны көрсетеді.

    Азиада-2026: қазақстандық синхронды жүзушілер Болатова мен Тұяқова қола медаль жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram