Азиада-2026: қазақстандық спортшының алтын медаль алғаны дауға ұласты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстан құрамасы Азиада-2026 ойындарындағы кезекті жарыс күнін екі емес, бір алтын медальмен аяқтады, деп хабарлады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Ясмина Тоқсанбаева спорттық жүріс бойынша марафон қашықтығында мәреге бірінші болып жетті. Алайда Азиаданың ресми жүйесінде қорытынды хаттама әлі жарияланған жоқ. Оның орнына парақшада Protested деген жазу тұр.
"Спорт Шредингера" Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің түсініктемесін жариялады.
"Қазақстандық спортшының киген кроссовкиіне қатысты наразылық түсті. Қазіргі таңда World Athletics халықаралық жеңіл атлетика федерациясы бұл шағымды қарастырып, аталған кроссовка үлгісінің рұқсат етілген аяқ киім тізіміне кіретінін тексеріп жатыр. Барлық ресми ақпарат келіп түскен бойда жарияланады", - деп мәлімдеді ҰОК өкілдері.
Тоқсанбаеваның өзі Instagram-stories парақшасында "қолдау көрсетіп, жанында болған барша жанға" алғысын білдірді.
"Рақмет, Қазақстан! Маған қазір қолдауларыңыз өте қажет. Бүгін біз Азия рекордын жаңарттық, бүгін біз тарихты қайта жаздық! Тіпті оны менен тартып алса да, мен қайтып оралып, мұны қайта жасаймын!", - деп жазды жеңіл атлет.
Жексенбі күнгі қорытынды бойынша, Азиада-2026 жалпы есебінде Қазақстан құрамасының қоржынында тоғыз алтын медаль бар. Әзірге тек Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов, Руслан Құрбанов және Ерлік Сертайдың шпагашылардың командалық турниріндегі жеңісі есепке алынды.
Қазақстан құрамасына күміс медальдарды Нора Джеруто (3000 метрге кедергілермен жүгіру) мен ауыр атлет Аянат Жұмағали (77 кг дейін) әкелді. Батутшы Ерлан Тасмағамбетов, сондай-ақ синхронды жүзушілер Наргиза Болатова мен Ясмин Тұяқова қола жүлдеге ие болды.
Жалпы есепте Қазақстан құрамасы бесінші орында қалды. Еліміз Өзбекстаннан бір алтын медальға қалып тұр. Қазақстандықтар Таиланд командасын күміс медальдар санының көптігі арқасында басып озып тұр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2434092-aziada-2026-qazaqstandyq-sportshynyng-altyn-medal-algany-dauga-ulasty/
