jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто Азия ойындарының жүлдегері атанды

    Нора Джеруто
    Нора Джеруто. Фото: Сали Сабиров / ҚР ҰОК

    Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында Нора Джеруто жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының қоржынына күміс медаль салды, деп хабарлады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    30 жастағы спортшы 3000 метрге кедергілермен жүгіруден екінші орын алды. Ол қашықтықты 9 минут 6,82 секундта бағындырып, маусымдағы жеке рекордын жаңартты.

    Джеруто соңғы айналымға дейін көшбасшылар тобында болғанымен, мәре сызығында бахрейндік Уинфред Явиге жол берді. Үздік үштікті үндістандық Парул Чудури түйіндеді.

    Бұл – Джерутоның мансабындағы алғашқы Азия ойындары. 2022 жылы ол Қазақстан тарихындағы жеңіл атлетикадан тұңғыш әлем чемпионы атанған болатын.

    Жексенбіде Азиадада Анастасия Рыпакова да бақ сынады. Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың қызы ұзындыққа секіруден 13-орынға ие болды. Оның үздік нәтижесі – 5,80 метр.

    400 метрге кедергілермен жүгіруден қазақстандық спортшылар финалға жолдама алды. Аделина Земс іріктеу кезеңінде екінші нәтиже көрсетсе, оның жұбайы Виталий Земс сегізінші орынмен шектелді.

    Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто Азия ойындарының жүлдегері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram