Әділет Ахметғали кураштан Азия ойындарының жүлдегері атанды
Жарияланған күні:

Әділет Ахметғали кураштан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жапонияның Аичи префектурасында ХХ жазғы Азия ойындары аясындағы кураш жарыстары жалғасып жатыр.
Ерлер арасында 81 келі салмақтың жартылай финалында отандасымыз Өзбекстан өкілі Ахрор Зиёдуллаевпен белдесіп, 0:10 есебімен жол берді.
Айта кетейік, бұған дейін ширек финалда Әділет Ахметғали Тайпей өкілі Хе Сунгты 10:0 есебімен сенімді жеңген болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2434260-adilet-ahmetgali-kurashtan-aziia-oiyndarynyng-zhuldegeri-atandy/
