jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ауыр атлет Алексей Чуркин Азия ойындарының күміс медалін иеленді

    Алексей Чуркин
    Алексей Чуркин. Фото: ҰОК/Сали Сабиров

    Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында спортшы сәтті өнер көрсетті.

    Отандық зілтемірші 85 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

    Алексей жұлқа көтеруде 173 келіні, серпе көтеруде 205 келіні еңсерді. Осылайша ол қоссайыс қорытындысы бойынша 378 келіні бағындырып, күміс жүлдеге ие болды.

    Алтын медальді Солтүстік Корея өкілі Ро Кван Рёль жеңіп алды - 379 (165+214) келі. Ал қытайлық Чэнь Шуньнань қола жүлдегер атанды - 374 (163+211) келі.

    Ауыр атлет Алексей Чуркин Азия ойындарының күміс медалін иеленді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram