Қазақстандық жеңіл атлет Аделина Земс Азия ойындарында алғаш рет жүлдегер атанды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Аделина Земс Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір медаль салды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
27 жастағы спортшы 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруден финалда өнер көрсетті. Ол қашықтықты 54,58 секундта бағындырып, өзінің жеке рекордын жаңартты және күміс медаль иегері атанды.
Жарыста Азия ойындары тарихындағы ең үздік нәтиже (54,31 секунд) көрсеткен БАӘ өкілі Мариам Карим жеңіске жетті. Үздік үштікті үндістандық Витья Рамрадж (54,75) түйіндеді.
Айта кетейік, Аделина Земс мансабында алғаш рет Азия ойындарының тұғырына көтерілді. Бұған дейін ол Азия чемпионаттарында эстафеталық жарыстарда төрт рет жеңіске жеткен болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2434599-qazaqstandyq-zhengil-atlet-adelina-zems-aziia-oiyndarynda-algash-ret-zhuldeger-atandy/
