jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Рыбакина әлемдік теннистің жаңа құрылымына кірді

    Елена Рыбакина
    Елена Рыбакина. Фото: Mike Stobe/Getty Images

    Әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемдік теннистің жаңа құрылымына – "Үлкен дулыға" турнирлері ойыншыларының жаңа Консультативтік кеңесінің құрамына кірді, деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Басылымның мәліметінше, кеңесті "Үлкен дулыға" турнирлерінің (Australian Open, "Ролан Гаррос", Уимблдон және US Open) ұйымдастырушылары құрған.

    Бұл органның міндеті – спортшылар мен турнир басшылары арасында тікелей диалог орнатып, жарыстарды өткізуге қатысты маңызды мәселелерді талқылау.

    Кеңес құрамына 12 теннисші кірген – ATP және WTA ұйымдарынан алты өкілден сайланған.

    Рыбакинадан бөлек, әйелдер теннисінен әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенко, америкалық Джессика Пегула, украиналық Элина Свитолина, грекиялық Мария Саккари және америкалық Ива Йович бар.

    Кеңестің ерлер құрамына сербиялық Новак Джокович, германиялық Александр Зверев, америкалық Бен Шелтон, канадалық Феликс Оже-Альяссим, италиялық Лоренцо Музетти және француз Артур Риндеркнех енген.

    Рыбакина әлемдік теннистің жаңа құрылымына кірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram