Әбиба Әбужақынова 2026 жылғы Азия ойындарының финалына шықты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстан ұлттық құрамасының дзюдошысы Әбиба Әбужақынова 2026 жылғы жазғы Азия ойындарының жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан құрамасынан Әбиба Әбужақынова сынға түсті.
Финалға шығу үшін өткен белдесуде оның қарсыласы қытайлық Тайбэй өкілі Чен Хао Лин болды. Нәтижесінде Әбиба "юко" ұпайын иеленіп, жеңісті суырып алды.
Осылайша Әбужақынова жарыстың финалына жолдама алып, алтын медаль үшін таласатын болды. Финалда отандасымыз жапониялық Мицуки Кондомен кездеседі. Шешуші белдесу бүгін, 30 қыркүйекте өтеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2435746-abiba-abuzhaqynova-2026-zhylgy-aziia-oiyndarynyng-finalyna-shyqty/
