Елдос Сметов Азия ойындарының алтын медалі үшін сынға түседі
Жарияланған күні:

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Азиадада финалға шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Аичи-Нагоядағы жазғы Азия ойындарында дзюдодан жарыс басталды.
60 келіде басты фаворит саналатын Елдос Сметов жартылай финалда Юнг-вей Янгпен (Тайпей) күресті. Нәтижесінде отандасымыз "ваза-ари" әдісімен жеңіске жетті.
Айта кетейік бүгін дзюдодан әйелдер арасында 48, 52 және ерлер арасында 60 пен 66 келіде жүлдегерлер анықталады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2435764-eldos-smetov-aziia-oiyndarynyng-finalyna-shyqty/
