Джиу-джитсудан Нұржан Батырбеков Азиаданың алтын медаліне таласады
Жарияланған күні:

Джиу-джитсудан Қазақстан құрамасының өкілі Нұржан Батырбеков 2026 жылғы Азиаданың финалына шықты, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында джиу-джитсудан алғашқы жүлде жиынтықтары сарапқа салынып жатыр.
1/2 финалда 69 келідегі Нұржан Батырбеков Сингапур спортшысы Ноа Тиан Ран Лимды 4:0 есебімен жеңіп, ақтық сынға жолдама алды.
Оның қарсыласы енді анықталады.
Джиу-джитсудан финалдық кездесулер Қазақстан уақытымен сағат 11:30-да басталады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2436382-dzhiu-dzhitsudan-nurzhan-batyrbekov-aziadanyng-altyn-medaline-talasady/
