Нұржан Батырбеков Қазақстан қоржынына джиу-джитсудан Азиаданың алғашқы медалін салды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Жапонияның Айти-Нагоя аймағында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қазақстандық джитсер Нұржан Батырбеков жүлдегер атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
ҰОК мәліметінше, Нұржан Батырбеков джиу-джитсудан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Отандасымыз 69 келіге дейінгі салмақтың финалында БАӘ өкілі Ахмед Андизбен жолығып, қарсыласына 2:0 есебімен жол берді.
Осылайша Нұржан Батырбеков Азиаданы күміс медальмен аяқтады. Бұл – оның екінші медалі. Бұған дейін қазақстандық спортшы Ханчжоу-2022 ойындарында алтын алған еді.
62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Абдулла Батырбек жүлдеге бір табан жетпей тоқтады. Қола жүлде үшін өткен белдесуде ол сауд арабиялық Абдулмалик Мохаммед Әл-Мурдиге есе жіберді. Тағы бір қазақстандық Батыр Теңізбай алғашқы кездесуінде жеңіліп, 1/8 финалда жарыстан шығып қалды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2436574-nurzhan-batyrbekov-qazaqstan-qorzhynyna-dzhiu-dzhitsudan-aziadanyng-algashqy-medalin-saldy/
