Эсмигүл Куюлова Азия ойындарының қола жүлдесіне ие болды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстан ұлттық құрамасының дзюдошысы Эсмигүл Куюлова 2026 жылғы Азия ойындарында қола жүлде үшін таласты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
63 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі үшінші орын үшін өткен бәсекеде қазақстандық спортшы өзбекстандық Маржона Нуруллаевамен кездесті.
Белдесудің негізгі уақытында жеңімпаз анықталмай, қарсыластар "голден скор" жүйесі бойынша күресті жалғастырды. Куюлова "ваза-ари" ұпайын еншілеп, жеңіске жетті. Кездесу 6 минут 7 секундта аяқталды.
Осылайша қазақстандық спортшы Ханчжоу-2022 ойындарындағыдай, 2026 жылғы Азия ойындарының үшінші тұғырына көтерілді.
Қазақстанның тағы бір өкілі Дана Әбдірова да қола жүлде үшін таласқан еді. 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол КХДР өкілі Ким Хён Амен кездесті. Қазақстандық спортшының қарсыласы "юко" ұпайын алып, жеңіске қол жеткізді.
Әбдірова жарысты жүлдесіз аяқтады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2436649-esmigul-kuiulova-aziia-oiyndarynyng-qola-zhuldesine-ie-boldy/
