jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Алматыға оралды

    Азия ойындарының жүлдегерлері
    Азия ойындарының жүлдегерлері. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Бүгін Алматы халықаралық әуежайында Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарындағы жарысын аяқтаған Қазақстан ұлттық құрамасының спортшыларын қарсы алды. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері хабарлады.

    Ұлттық құрамамен бірге Алматыға Азия ойындарының алматылық жүлдегерлері де оралды. Ауыр атлетикадан 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Аянат Жұмағали және спорттық жүрістен жартылай марафонда Кристина Морозова күміс медаль жеңіп алды. Ал кураштан 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әділет Ахметғали қола жүлдегер атанды.

    Азия ойындарының жүлдегерлері
    Азия ойындарының жүлдегерлері. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Сондай-ақ Алматыға спорттық жүрістен марафонда Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсеткен алматылық спортшы Ясмина Тоқсанбаева оралды.

    Азия ойындарының жүлдегерлері
    Азия ойындарының жүлдегерлері. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Олармен бірге Қазақстанның жеңіл атлетикадан ұлттық құрамасының өкілдері, соның ішінде Азия ойындарының күміс жүлдегерлері Кристина Овчинникова мен Нора Джеруто Тануи да келді.

    Азия ойындарының жүлдегерлері
    Азия ойындарының жүлдегерлері. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Алматы халықаралық әуежайында спортшыларды салтанатты түрде қарсы алды. Азия ойындарының қатысушылары мен жүлдегерлерін қарсы алуға Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы, спорт қауымдастығының өкілдері, жаттықтырушылар, спортшылардың туған-туыстары мен жақындары, сондай-ақ көптеген жанкүйер жиналды. Көпшілік спортшыларды ыстық ықыласпен қарсы алып, жүлдегерлерді жеңіп алған медальдарымен құттықтады.

    Азия ойындарының жүлдегерлері
    Азия ойындарының жүлдегерлері. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Айта кетейік, Жапонияда XX жазғы Азия ойындары әлі жалғасып жатыр. Қазақстан құрамасының бірқатар спортшысы жарысын жалғастырып отыр. Алдағы күндері жүлде үшін сынға түседі.

    Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Алматыға оралды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram