Азиада-2026: теннисшілер Қазақстан қоржынын тағы бір қола медальмен толықтырды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстандық теннисшілер Анна Данилина мен Юлия Путинцева Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарының қола медалін иеленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Жартылай финалдық кездесуде қазақстандық жұп Қытай Тайбэйінің өкілдері Се Шувэй мен Лян Эньшомен шеберлік байқасты.
Екі сетке созылған матч Путинцева мен Данилинаның жеңілісімен аяқталды. Есеп: 6:7 (3:7), 6:7 (5:7).
Осылайша, Путинцева мен Данилина әйелдер арасындағы жұптық сында жартылай финалға дейін жетіп, 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Азия ойындарының теннис бәсекесінде 3-орын үшін матч өткізілмейді, сол себепті жартылай финалда жеңілген екі жұпқа да қола медаль беріледі.
Юлия Путинцева үшін бұл – биылғы Азия ойындарындағы екінші қола медаль. Бұған дейін қазақстандық спортшы жекелей сында қола жүлде еншілеген еді.
Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындарындағы теннис жарыстары Жапониядағы мультиспорттық турнир аясында өтуде. Қазақстан бұл додада жекелей, жұптық және аралас жұптық сындарда бақ сынады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2437329-aziada-2026-tennisshiler-qazaqstan-qorzhynyn-tagy-bir-qola-medalmen-tolyqtyrdy/
