jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Таеквондошы Батырхан Төлеуғали 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдесін еншіледі

    Батырхан Төлеуғали
    Батырхан Төлеуғали. Фото: Арлан Олжабай / ҚР ҰОК

    Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Батырхан Төлеуғали Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Батырхан Төлеуғали турнирдің жартылай финалына дейін жетті. Финалға шығу үшін ол Қытай Тайбэйінің өкілі Хун Цзюнь-имен кездесті.

    Тартысты өткен жекпе-жек үш раундқа созылды. Бірінші раунд тең есеппен (0:0) аяқталғанымен, жеңіс Батырханға берілді. Екінші раундта қарсыласы 11:0 есебімен басым түсті. Шешуші кезеңде қазақ спортшысы 5:7 есебімен есе жіберді. Раундтар қорытындысы бойынша 2:1 есебімен Қытай Тайбэйінің өкілі жеңіске жетті.

    Осылайша, Батырхан Төлеуғали Азиададағы жарыс жолын жартылай финалда аяқтап, 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

    Таеквондодан үшінші орын үшін жеке кездесу өткізілмейтіндіктен, жартылай финалда жеңілген спортшыларға қола медаль беріледі.

    Таеквондошы Батырхан Төлеуғали 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдесін еншіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram