jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Джиу-джитсу шебері Мерей Қабдуллаев Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

    Мерей Қабдуллаев
    Мерей Қабдуллаев. Фото: Никита Басов / ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

    Қазақстандық джиу-джитсу шебері Мерей Қабдуллаев Жапонияның Айти-Нагоя аймағында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының күміс медалін иеленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    85 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған 19 жастағы Мерей финалға дейінгі жолында Моңғолия, Иордания және Қырғызстан спортшыларын жеңді.

    Шешуші белдесуде Қабдуллаевқа Сауд Арабиясының өкілі Абдулла Тарик Нада қарсылас атанды. Нәтижесінде саудиялық спортшы 7:0 есебімен басым түсіп, жеңімпаз атанды.

    Ал Азия ойындарына алғаш рет қатысқан Мерей Қабдуллаев жарысты күміс медальмен қорытындылады.

    Айта кетейік, ссы салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен тағы бір қазақстандық Әли Иманвердиев алғашқы кездесуде Оңтүстік Корея өкілінен жеңіліп, 1/8 финалда жарыстан шығып қалды.

    Джиу-джитсу шебері Мерей Қабдуллаев Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram