"Кешірім сұраймын": әлем чемпионатында жеңілген қазақ балуаны жеңілісінің себебін айтты
Жарияланған күні:

Ертең Қазақстан құрамасынан 81 келіде Абылайхан Жұбаназар мен Жалғас Қайролла мен Есмигүл Куюлова (63 кг) сынға түседі, 1bol.kz.
Бакуде дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында жүлдесіз қалған Аңсарбек Ғайнуллин белдесуіне қатысты пікір білдірді.
Белгілі спортшы кездесу барысында қателікке бой алдырғанын мойындап отыр.
"Қазір менде айтарға сөз жоқ. Белдесуде үлкен қателік істеп қойдым. Жалпы бұл кездесуге тас-түйін дайын едім. Жаттықтырушылардан бастап барша үміт артқан жандардан кешірім сұраймын. Негізі жоспар бойынша келесі айналымға шығамын деген сенім болды. Бірақ күресім өзім ойлағандай жүрмеді", - деді спортшы.
73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Аңсарбек Ғайнуллин іріктеу бәсекесінде Франция дзюдошысы Дайян Булемтафеске төреші ескертуі нәтижесінде жол берген еді. Белдесу барысында Қазақстан балуаны әдіс жасауға талпынғанымен, еш нәтиже бермеді. Осылайша ол чемпионатты ерте аяқтады.
Ертең Қазақстан құрамасынан 81 келіде Абылайхан Жұбаназар мен Жалғас Қайролла мен Есмигүл Куюлова (63 кг) сынға түседі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2439154-keshirim-suraimyn-alem-chempionatynda-zhengilgen-qazaq-baluany-zhengilisining-sebebin-aitty/