jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстан құрамасы жазғы Пара Азия ойындарының ашылу салтанатына қатысты

    Қазақстан құрамасы 2026 жылғы жазғы Параазиаданың ашылу салтанатында
    Қазақстан құрамасы 2026 жылғы жазғы Параазиаданың ашылу салтанатында. Фото: Аян Несіпбеков

    Жапонияның Нагоя қаласындағы "Палома Мидзухо" стадионында V жазғы Пара Азия ойындарының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Іс-шара "Біз – тамаша тұлғамыз" ұранымен өтті. Қазақстан туын 2024 жылғы Паралимпиаданың қола жүлдегері, ядро лақтырудан Пара Азия ойындарының чемпионы Дастан Мұқашбеков пен пара дзюдодан әлемнің вице-чемпионы Аяла Мереке алып шықты.

    Жарыста ел намысын 150 спортшы қорғайды, олар спорттың 18 түрінің 12-сі бойынша жүлдеге таласады. 2026 жылғы Пара Азия ойындарына 45 ұлттық құрама қатысады. Медальдар жиынтығының жалпы саны – 489.

    Жапония Пара Азия ойындарын алғаш рет қабылдап отыр. Жарыстар негізінен Нагоя қаласы мен Айти префектурасының ареналарында өтеді.

    Жабылу салтанаты 24 қазанда "Палома Мидзухо" стадионында болады.

    Қазақстан құрамасы жазғы Пара Азия ойындарының ашылу салтанатына қатысты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram