Еркін Ғаббасов Қазақстанға Азия Пара ойындарының алғашқы алтын медалін сыйлады
Жарияланған күні:

Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. Бұл туралы ҚР ҰОК-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Пара нысана көздеуден Еркін Ғаббасов 10 метр қашықтықтан пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден (R1) үздік нәтиже көрсетті. Финалда қазақ спортшысы 249,1 ұпай жинап, алтын медаль еншіледі.
Күміс медальді Оңтүстік Корея өкілі Пак Джинхо (248 ұпай) иеленсе, қола жүлде тағы бір кореялық спортшы Ли Джанхоға (226 ұпай) бұйырды.
Сондай-ақ Қазақстан құрамасы пара пауэрлифтингтен күміс медаль жеңіп алды. 41 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Тұрсынай Қабыл жүлдегер қатарынан көрінді.
Ол үш мүмкіндігінің үшеуін де сәтті пайдаланды. Соңғы мүмкіндігінде 104 келіні бағындырды.
Алтын медальді Қытай өкілі Цуй Чжэ (120 келі) жеңіп алса, Индонезия спортшысы Ни Ненгах Видиасих (97 келі) қола жүлдеге ие болды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2444328-algashqy-medal-erkin-gabbasov-qazaqstanga-aziia-para-oiyndarynyng-altyn-medalin-syilady/