jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тоқаев семсерлесуден Қазақстан құрамасын тарихи жетістігімен құттықтады

    Солдан оңға қарай: Вадим Шарлаимов, Кирилл Проходов, Кирилл Павлов, Александр Федотов
    Солдан оңға қарай: Вадим Шарлаимов, Кирилл Проходов, Кирилл Павлов, Александр Федотов. Фото: FIE

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Касабланкада өтіп жатқан семсерлесуден Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанған Қазақстан құрамасын құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

    Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадиярдың атап өтуінше, осы жеңістің нәтижесінде спортшыларымыз Халықаралық семсерлесу федерациясының (FIE) рейтингінде алғаш рет бірінші орынға шықты.

    Қасым-Жомарт Тоқаев спортшылар әлемнің ең айтулы додаларында Қазақстанның көк туын желбірете беруіне тілектес екенін білдірді.

    Айта кетейік, Марокконың Касабланка қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде қазақстандық шпагашылар Ресей құрамасын 45:40 есебімен жеңді.

    Қазақстан құрамасы ширек финалда Мысырдан басым түссе, жартылай финалда Францияны жеңді. Сонымен қатар жарыс барысында Түркия мен Гонконг құрамаларын да тізе бүктірді.

    Ұлттық құрама сапында Александр Федотов, Кирилл Павлов, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов өнер көрсетті.

    Тоқаев семсерлесуден Қазақстан құрамасын тарихи жетістігімен құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram