Қазақстандық пара велошабандоздар Азия ойындарында бір күнде екі медаль иеленді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Пара велоспорттан Қазақстан құрамасы Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында бір күнде екі медаль иеленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ұлттық құрама өкілдері 4000 метрге жеке ізге түсу жарысында жеңіс тұғырына көтерілді.
Әйелдер арасында Анастасия Калаус екінші орын алды, оның штурманы – Полина Братчикова. Басты финалда қазақстандықтар Оңтүстік Корея спортшыларына есе жіберді.
Ерлер арасында Кирилл Ильюкевич пен оның штурманы Глеб Брусенский қола жүлдегер атанды. Кіші финалда олар Индонезия өкілдерінен басым түсті.
C4-5 класында 1000 метрге жекелей сында қазақстандық Ринат Марденов 15-орынға ие болды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2444621-qazaqstandyq-para-veloshabandozdar-aziia-oiyndarynda-bir-kunde-eki-medal-ielendi/