Азия ойындары: қазақстандық пара велошабандоздар екі алтын медаль жеңіп алды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия Пара ойындарында пара велоспорттан Қазақстан құрамасы бір күнде үш медаль иеленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Көру қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы 5 шақырымдық жекелей жарыста ел намысын қорғаған екі спортшы жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Бұл сында Наиль Ермұханбет жеңімпаз атанса, Кирилл Ильюкевич күміс жүлдеге ие болды. Оларға бағыт берушілер Руслан Әлиев пен Глеб Брусенский көмектесті.
Әйелдер арасындағы осы дисциплинада Анастасия Калаус чемпион атанды. Оған бағыт беруші Полина Братчикова көмектесті. Ал Жұлдыз Қайнарова мәреге жете алмады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2445741-aziia-oiyndary-qazaqstandyq-para-veloshabandozdar-eki-altyn-zhengip-aldy/