Қазақстан құрамасы Азия Пара ойындарында пара велоспорттан екі алтын, екі күміс жеңіп алды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия Пара ойындарында пара велоспорттан Қазақстан құрамасы кезекті жарыс күнінде төрт медаль жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бүгін, 23 қазанда тасжолдағы жарыс бәсекелері өтті. B класында ерлер арасындағы 65 шақырымдық қашықтықта Наиль Ермұханбет пен Руслан Әлиев 2 сағат 1 минут 21 секунд нәтижесін көрсетіп, алтын медаль еншіледі.
Осы қашықтықта 2 сағат 11 минут 42 секунд нәтижесін көрсеткен тағы бір қазақстандық жұп – Кирилл Илюкевич пен оның пилоты Глеб Бруссенский күміс жүлдегер атанды.
Әйелдер арасында да бірден екі қазақстандық жұп жүлдегерлер қатарынан көрінді. 55 шақырымдық жарыста Анастасия Калаус пен оның пилоты Полина Братчикова 2 сағат 5 минут 47 секунд нәтижесімен алтын медаль жеңіп алды.
Ал Жұлдыз Қайнарова мен оның пилоты Анжелла Соловьева 2 сағат 9 минут 43 секунд уақыт көрсеткішімен күміс жүлдеге ие болды.
Осылайша, ұлттық құраманың еншісінде қазір 12 алтын, 15 күміс және 20 қола медаль бар.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2447100-qazaqstan-quramasy-aziia-para-oiyndarynda-para-velosporttan-eki-altyn-eki-kumis-zhengip-aldy/