Қазақстан құрамасы пара пауэрлифтингтен Азия Пара ойындарының қола жүлдесіне ие болды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстан құрамасы пара пауэрлифтингтен командалық сайыста Азия пара ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
23 қазанда Айти-Нагоя 2026 V Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасы пара пауэрлифтингтен ерлер арасындағы командалық сында қола медаль жеңіп алды.
Команда құрамында Станислав Шакиев, Ерболат Карибай және Давид Дегтярев өнер көрсетті.
Үшінші орын үшін өткен бәсекеде қазақстандық спортшылар үш сәтті талпыныс жасап, 159 кг, 175 кг және 175 кг салмақты көтерді. Қорытынды командалық коэффициент 412,09 ұпайды құрап, Қазақстан құрамасына Өзбекстаннан басым түсіп, үшінші орын иеленуге мүмкіндік берді.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері атанды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2447106-qazaqstan-quramasy-para-pauerliftingten-aziia-para-oiyndarynyng-qola-zhuldesine-ie-boldy/