jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Елена Рыбакина Қытайдағы WTA 500 турнирінің финалына шықты

    Елена Рыбакина
    Елена Рыбакина. Фото: Robert Prange/Getty Images

    Әйелдер арасындағы жекелей сында әлемнің және Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 санатындағы турнирдің жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Әлемдік рейтингте бірінші орынды иеленіп отырған спортшы жартылай финалдық матчта планетаның 13-ракеткасы, ресейлік Диана Шнайдермен кездесті.

    Матч екі ғана сетке созылып, Еленаның 6:3, 7:5 есебімен қортындыланған жеңісімен аяқталды.

    Теннисшілер кортта 1 сағат 36 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Рыбакина алты брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

    Осылайша, қазақстандық спортшы финалға шықты, онда Елена өзге жартылай финалда чехиялық Мария Боузкованы ұтқан (6:3, 7:5) әлемнің 30-ракеткасы, канадалық Лейла Фернандеспен ойнайды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram