Қытайда өткен турнирде Елена Рыбакина екі дүркін чемпионы атанды
Жарияланған күні:

Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA 500 санатындағы турнирдің әлемнің және Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жеңімпаз атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Финалдық сында ол әлемдік рейтингте 30-орында тұрған канадалық Лейла Фернандеспен сынға түсті. 1 сағат 17 минутқа созылған матчта Рыбакина айқын басымдықпен 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Ойын барысында қазақстандық спортшы 3 эйс бағыттап, қарсыласына брейк жасауға мүмкіндік бермей, өз кезегінде 5 брейк-пойнттың төртеуін сәтті жүзеге асырды. Осылайша, Елена аталған турнирде екінші жыл қатарынан үздік атанды.
Тартысты өткен финалда отандасымыз канадалық Лейла Фернандеске (WTA №30) еш мүмкіндік қалдырмады. Бар-жоғы 1 сағат 17 минуттың ішінде екі сетті де бірдей 6:2, 6:2 есебімен өз пайдасына жазды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2447682-qytaida-otken-turnirde-elena-rybakina-eki-durkin-chempiony-atandy/