jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Қызға қол көтерді": шымкенттік жаттықтырушының әрекетіне қатысты полиция түсінік берді

    қыз бала мен жаттықтырушысы
    Қыз бала мен жаттықтырушысы. Видеодан кадр: t.me/kerekpv

    Павлодарда полиция желідегі волейбол турнирінде түсірілген бейнежазбаны назардан тыс қалдырмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, жаттықтырушыға қатысты волейбол командасының кәмелетке толмаған қатысушысына физикалық күш қолдану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

    "Оқиғаға қатысы бар адамдар анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.

    Жаттықтырушының әрекетіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі. Тергеу барысы полиция басшылығының бақылауында", - деп хабарлады Павлодар облысының ПД баспасөз қызметі.

    Еске сала кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, Павлодардағы турнир кезінде шымкенттік жаттықтырушы қыз балаға қол көтерген сәт видеоға түсіп қалған. Оқиғаға қатысты Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы түсініктеме берді. Жаттықтырушы Хамит Мырзабековтің команда ойыншысына қол көтерген сәті түсірілген видео тарағаннан кейін Қазақстан волейбол ұлттық федерациясы оны шеттету туралы шешім қабылдады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram