jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстандық семсерлесуші Кирилл Проходов жастар арасындағы Азия чемпионатында топ жарды

    Семсерлесуші Кирилл Проходов
    Кирилл Проходов. Фото: Владислав Семенов / ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

    Қазақстандық Кирилл Проходов 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында шпагамен семсерлесуден жекелей сында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Шешуші сында Проходов Гонконг өкілі Вонг Пак Юмен кездесіп, 15:12 есебімен жеңіске жетті.

    Бұған дейін ол топтық кезеңдегі алты кездесудің бесеуінде ұтып, кейін плей-офф сатыларынан да сүрінбей өткен болатын.

    1/16 финалда Проходов макаолық Сунг Ка Вингті 15:8 есебімен жеңді. Қазақстандық спортшы үшін келесі жекпе-жек аса тартысты өтті: ол Қырғызстан өкілі Даниил Лепиховтан небәрі бір ұпай айырмашылығымен (15:14) басым түсті.

    Ал ширек финалда Проходов Қазақстанның тағы бір өкілі Георгий Тинниковпен кездесіп, 15:9 есебімен ұтты, ал жартылай финалда тағы бір қырғызстандық спортшы Барсбек Райымбековтен 15:10 есебімен айласын асырды.

    Айта кетейік, бұған дейін Проходов Қазақстан ерлер құрамасы сапында Мароккода өткен ересектер арасындағы Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанған болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram