Рыбакина Токиодағы турнирде Путинцеваны жеңгені үшін қандай мөлшерде жүлдеге ие болды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Токиодағы турнирде Елена Рыбакина Юлия Путинцеваны жеңгені үшін қандай табыс тапқаны белгілі болды – әлемнің бірінші ракеткасы ширек финалға шықты, деп хабарлайды Sportarena.kz.
Басылымның хабарлауынша, Рыбакина бұл жеңісі үшін 33 475 доллар жүлдеге ие болған (15 млн 171 мың теңге) . Сонымен қатар қазақстандық спортшының еншісіне 108 рейтингтік ұпай қосылды.
WTA 500 финалисіне 114,5 мың доллар берілетіні хабарланды. Japan Open жеңімпазы 185,5 мың доллар, сондай-ақ ассоциация рейтингіне 500 балдық ұпай алады.
Еске сала кетейік, әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Токиода WTA 500 санатындағы турнирдің екінші айналымында отандасы Юлия Путинцеваны ұтты.
Осылайша Рыбакина 2026 жылдың қорытындысы бойынша WTA әлемдік рейтингіндегі бірінші орынды сақтап қалатыны белгілі болды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2449685-rybakina-tokiodagy-turnirde-putintsevany-zhenggeni-ushin-qandai-molsherde-zhuldege-ie-boldy/