Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарып, алтын алды
Жарияланған күні:

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Фатима Сұпығалиева Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҰОК.
Финалда отандасымыз Португалия өкілі София Гаспармен кездесті.
Нәтижесінде Сұпығалиева иппонмен мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Ақтық белдесу 2 минут 33 секундта аяқталды.
Осылайша Фатима Дакардағы Олимпиадада ұлттық құрама қоржынына алғашқы алтын медальді салды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2451006-fatima-supygalieva-dziudodan-zhasospirimder-olimpiadasynda-top-zharyp-altyn-aldy/