jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Ұлытаулық дзюдошы Нұрайлым Сәрсенбек Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды

    спортшы Нұрайлым Сәрсенбек
    Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

    Жезқазған қаласында 23 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан дзюдодан Қазақстан чемпионатында Ұлытау облысының спортшысы Нұрайлым Сәрсенбек қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды өңір әкімдігінің ресми сайты.

    57 келі салмақ дәрежесінде белдескен Нұрайлым Сәрсенбек жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынға ие болып, ел чемпионатының қола жүлдегері атанды.

    Нұрайлым Сәрсенбек
    Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

    Осылайша, ұлытаулық дзюдошы республикалық додада үздік үштікке еніп, өңір қоржынына қола медаль салды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram