jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында күміс алды

    Нұрғиса Әділетұлы
    Нұрғиса Әділетұлы. Фото: Тұрар Қазанғапов / ҚР ҰОК

    Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында күміс жүлде алды, деп хабарлайды ҰОК.

    Спортшы 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Ол жұлқа көтеруде 182 келіні бағындырса, серпе көтеруде 217 келіні еңсерді.

    Осылайша, қоссайыс қорытындысы бойынша 399 келі көтерген Нұрғиса Әділетұлы әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді.

    Сонымен қатар отандасымыз жұлқа көтеру мен серпе көтеру жаттығуларының әрқайсысында күміс медаль жеңіп алды.

    Осылайша, оның қоржынында әлем чемпионатының екі кіші күміс жүлдесі де бар.

    Болгариялық Карлос Насар 415 (185+230) келі нәтижесімен алтын медаль жеңіп алды. Ал ирандық Али Алипур 396 (181+215) келімен үшінші орынға тұрақтады.

    Айта кетейік, бұл – Қазақстан құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі.

    Еске салайық, биыл қыркүйек айында Нұрғиса Әділетұлы Аичи және Нагояда (Жапония) өткен жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған еді. Сол жарыста отандасымыз қоссайыстың қорытындысы бойынша 394 (177+217) келі көтерген болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram