jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Астанада алғаш рет кураштан әлем чемпионаты өтеді

    Кураштан Қазақстан құрамасы
    Кураштан Қазақстан құрамасы. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Елордада алғаш рет кураштан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясына жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Дирекцияның баспасөз қызметінің мәліметінше, 7-8 қараша күндері Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында ерлер мен әйелдер арасында кураш күресінен XV әлем чемпионаты ұйымдастырылады.

    Әлемдік додаға 50-ден астам елден 500-ге жуық спортшы қатысады деп күтіліп отыр.

    Қазақстан командасы жарысқа 16 балуанмен қатысады. Ел құрамы 2026 жылғы Қазақстан және Азия чемпионатының қорытындысы бойынша жасақталған.

    Ерлер командасы: Әділет Ахметқали, Болат Біләл, Айбатыр Мырзат, Ерсұлтан Мұзаппаров, Бибарыс Нұғман, Темірлан Сағындықов, Данил Федоров, Ғалымжан Қырықбай.

    Әйелдер командасы: Альбина Бахиева, Жібек Жақсыбай, Ақбота Қыдырәлі, Рауза Нұрмахамметова, Асылжан Орынбасарова, Зарина Сарипова, Нұрайлым Сәрсенбек, Назерке Тілеуханова.

    Ұлттық құраманың бас бапкері – Ғұмар Қырғызбаев.

    Жарыстың тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасы көрсетеді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram