jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қазақстан хоккейден үшінші рет Азия чемпионы атанды

    Шайбалы хоккей
    Хоккейші. Көрнекі фото: freepik.com

    Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды kazinform.

    Кездесу барысында қарсыластар негізгі кезеңде бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Ойын овертаймға ұласты. Овертаймда да жеңімпаз анықталмады. Буллитте Қазақстан құрамасы жолы болды.

    Қазақстан — Оңтүстік Корея 1:0 Б (0:0, 0:0, 0:0, 0:0, 1:0)

    Голдар

    1:0 — Гусейнов — 65:00

    Қақпашылар: Нурек — Чой.

    Қазақстан құрамасының тізімі

    Қақпашылар: Антон Осокин, Сергей Кудрявцев (екеуі де — «Торпедо»), Владислав Нурек («Номад»).

    Қорғаушылар: Степан Александров, Данил Бутенко, Фёдор Хорошев (барлығы — «Торпедо»), Артем Королев, Александр Макаров, Кирил Никитин, Руслан Тусупбеков (барлығы — «Номад»), Эдуард Михайлов («Сарыарқа»).

    Шабуылшылар: Артур Гатиятов, Дмитрий Гренц, Диас Гусейнов, Саян Данияр, Максим Мухаметов (барлығы — «Торпедо»), Артур Гросс, Абай Мангисбаев, Александр Мигунов, Никита Мерзликин (барлығы — «Номад»), Александр Борисевич («Сарыарқа»), Евгений Рымарев («Алматы»), Оскар Юлбарисов («Горняк»).й

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram