Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лондонда биік өкшелі туфли кигісі келмеген хатшыны жұмысынан қуып жіберді

Опубликовано:

Лондонда биік өкшелі туфли киюден бас тартқан ресепшн қызметкері жалақы берілмей кеңседен қуылды.

Бұл туралы Би-Би-Си агенттігіне сілтеме жасап Қазақпарат хабарлайды.

27 жастағы Никол Торптың айтуына қарағанда, ол PriceWaterhouseCoopers аудиторлық компаниясының кеңсесіне уақытша жұмыс істеу үшін келген.

Онда «әйел қызметкер 5-тен 20 см биік өкшелі аяқ киім кию» керек деген талап қойған. Тіпті оған дүкенге барып сондай туфли сатып әкелуді міндеттеген. Алайда Торп күні бойы биік өкшелі аяқ киіммен жүрудің қиынға соғатынын айтып бас тартқан. Ол компания ер адамдарға да осындай талап қоя ма деп сұраған.

Торптың сөзіне күлген компания өкілдері оның кеңседен кетуін талап еткен әрі ақша төлемеген.

PWC компаниясы қызметкерлерінің сыртқы келбетіне және киіміне қойылар талаптарды Portico компаниясы анықтайды. Олар осы талапта аяқ киімнің қандай болуы керектігі қамтылғанын айтып отыр.

Торп кеңседен қуылған соң, басынан өткен жағдайды Facebook-те жазды. Оның жазбасына осындай жағдайға душар болған қыз-келіншектер қолдау білдірді.

Британ заңы бойынша әр компания өз қызметкерінің дресс-кодын анықтауға құқығы бар. Қазір Торп осы заңды өзгертуге қол жинап жатыр.

Сонымен қатар оқыңыздар:

Тәжікстанда жұбайын «пәк болмады» деп айыптаған жігіт айыппұл төлемек

Өзбекстанда оқушыларға мешітке баруға тыйым салынады

Обама Хиросимада ресми түрде кешірім сұрамайды

Дэвид Кэмерон байқаусызда «жемқорлық ең көп жайлаған елдерді» айтып қойды

АҚШ әскерилері "Ислам мемлекетінің" беделді әміршісін өлтіріп тастады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1125447-londonda-biik-oksheli-tufli-kiyuden-bas/

pixel