Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

400 млн көрермені бар түрік сериалдары қазақ экранын қалай жаулады?

Опубликовано:

Соңғы жылдары Түркияда кино саласына ақша салатын кәсіпкерлер көбейді. Олар құйған қаржысының қайтарымы жаман болмайтынын жақсы түсінгендей. Істің көзін тауып, тілін түсінген адамға бұл да үлкен бизнес деп жазады Егемен Қазақстан басылымы.

"Бауырлас елдегі кинокомпаниялар мен продюсерлік орталықтар бұны бизнес деп білгеніне бірнеше жылдың жүзі болды. Мақсаты – 78 миллион тұрғыны бар ішкі нарықты игеру ғана емес, телетауарларын сырт елдерге де экспорттау. Мақсаттарына жетіп те жатқан сияқты. Оны өзіміздің арналардың мазмұнынан аңғаруға болады", - деп жазады мақала авторы.

"2002-2003 жылдары Бразилия мен Аргентина сериалдары саябырсып, олардың орнын түрік сериалдары басты. Анна, Изабелла, Ракель деген есімдердің орнына Шехризат, Зейнеп, Бериван деп ат қою сәнге айналды. Ұлдарымыз «Юсуфпын» деп мақтанып, «Қамбарсың» деп кемсітетін болды. Сериал сатып алу дәстүрі әлі үзілген жоқ", - деген журналист түрік ағайындар біз секілді сериалға «зәру» елдерге кино сатып, бұл саладан да кәсіптің көзін тауып отыр дейді.

"Мәселен, қазақ көрермендеріне жақсы таныс атақты «Сұлтан Сүлеймен» тарихи сериалы биыл 20 миллион доллар аса табыспен түрік телеиндустриясында рекорд жасап отыр. Кезінде еліміздегі телеарналардың бірінен көрсетілген «Көкжалдар мекені» (kurtlar vadisi) сериалы да қомақты қаржы тапқан тележобалардың бірі. 15 млн долларлық пайдамен «Сұлтан Сүлейманнен» кейін екінші орында. Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі 2009-2012 жылдар аралығында әлемнің 76 еліне 40 мың 675 сағат сериал сатқаны туралы мәлімет жария етті. Алушылар Балқан түбегі және Азия, оның ішінде Орталық Азия елдері. Ең көп табыс әкелген сериалдардың қатарында Қазақстанға жақсы таныс «Асау жүрек», «Көкжалдар мекені» бар", - деп жазады журналист.

Мақала авторы шамамен 2010 жылдардан бастап түрік киногерлері Еуропа мен Американың да назар өзіне аудара бастағанын айтады.

"Біртіндеп көршілес Грекия, Ресей және тіпті Біріккен Араб Әмірліктерінен миллиондаған көрермен тартты. Бұл қызығушылық аталған елдерде «мерһаба», «насылсын», «тамам» «тешеккүрлер» сөздерін жаттаудан бастап түрік тілін үйренгісі келетіндер санын көбейтуге сеп болған. Грекияда, балқан елдерінде оншақты түрік тілі курстары ашылған. Ресейдің «Домашний тв» кабелдік телеарнасы түрік сериалдарына орын берген. Бұл елде көрерменге қатты ұнағаны соншалық, «Сұлтан Сүлеймен» сериалын аптасына 11 сағат бойы эфирге қойылған.

Дубайда шығатын Gulf news басылымы соңғы жиырма жылда БАӘ-іне Түркияның 60 млн долларға 100-ден аса сериал сатқанын жазыпты. Түркияны Африка елдеріне де жақындата түскен осы телетауар десек, қателеспейміз: Африканың солтүстігі мен оңтүстігіндегі елдерде 85 млн көрермені бар екен", - деген мәлімет келтіреді автор.

Журналист сапасы мықты болсын, нашар болсын, түрік сериалдары ол елге айтарлықтай пайда әкеліп жатқанын, соңғы мәлімет бойынша, түрік сериалдарының әлемде 400 миллионға тарта көрермені бар екенін де атап өтті.

Тағы оқыңыздар:

Әлия Назарбаева қажет болса балаларын аздап ұрып алатынын айтты

Еліміздегі 15 министр қандай істерімен есте қалды?

Есіктегі қызды зорлау ісі бойынша күдіктілер сот алдына келді

Еліміздің төрт облысында күн күрт суытады

Таланттар тартысы: "Бала дауысы" байқауының финалистері анықталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1288799-400-mln-korermeni-bar-turik-serialdary-q/

pixel