Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар қатерлі ісіктің барлық түріне қарсы препарат ойлап тапты

Опубликовано:

Ресей ғалымдары қатерлі ісіктің барлық түріне және кезеңіне қарсы ойлап тапқан гендік-инженерлік препаратты ғарышта сынақтан өткізді деп хабарлайды Muslim.kz.

Бұл жайында «Известия» газетіне берген сұхбатында Федеральды медико-биологиялық агенттіктің (ФМБА) Мемлекеттік ғылыми-зерттеу институтының директор орынбасары, профессор Андрей Симбирцев мәлімдеді.

Cұхбатта жарияланғандай, қатерлі ісікті емдеуге арналған жаңа препарат биотехнология көмегімен алынған. Ғарыштық сынақты сәтті өткізген институт енді клиникаға дейінгі сынақты жақсы аяқтап, онкология саласындағы ғылыми жетістікті жетілдіре түспек.

Симбирцевтің айтуынша, препарат меланом және сарком секілді қатерлі ісік түріне шалдыққан тышқан мен атжалманға салынған. Препарат сырқаттың кез келген кезеңінде де тиімді болып табылып, жағымды нәтиже көрсеткен.

Сынақ кезінде дәрінің жанама әсерлері анықталмаса да, қауіпсіздік жөніндегі соңғы шешім шығаруға әлі бір жылдай уақыт керек көрінеді. Тек содан кейін ғалымдар жаңа препарат бойынша клиникалық сынақ жүргізуге кіріседі. Ал, клиникалық сынақ жұмыстарына әдетте 2-3 жыл уақыт кетеді.

Тағы оқыңыздар:

Тұтқында болып, жапон соғысына қатысқан қария 105 жасқа келді (фото, видео)

Сағадиев журналистерге: Сіздерге Баян туралы жазуға болады, бізге болмай ма?

Димаш Құдайберген Тұңғыш президент қорының лауреаты атанды

Білім министрлігі атышулы дауға қатысты мәлімдеме жасады

Демалыс күндері ауа-райы жауын-шашынсыз болады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1428752-ghalymdar-qaterli-isiktinh-barlyq-turi/

pixel