Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбек және қырғыз басшыларының жұбайы сұлулығымен көпшілікті тамсандырды (фото)

Опубликовано:

Өзбек және қырғыз басшыларының жарын көрген желі қолданушылары олардың сұлулығына таңдай қақты деп жазады ИА "Кабар" порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

5 қыркүйекте алғаш рет Қырғызстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев қырғыз еліне әйелі Зироатхон (Ойхон) Хошимова ерте келген.

Әуежайдан өзбек басшысын Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев пен оның жұбайы Раиса Атамбаева қарсы алды.

Тағы оқыңыздар: Ақмола облысында өз әкесін тонаған тұрғын масқара болды

Сол арада қос елдің бірінші ханымының бірге түскен суреті ел арасында қызу талқыға түскен. Желідегілер олардың өте сұлу және кербез екенін айтып, тамсанған.

Айта кетейік, Өзбекстанның бірінші ханымы Зироатхон Хошимова Шавкат Мирзияевпен бірге институтта оқыған. Қазір олар үш бала тәрбиелеп отыр.

Ал білім жолын қуып, профессор атанған Раиса мен Алмазбек Атамбаевтың екі баласы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1608246-ozbek-zhane-qyrghyz-basshylarynynh-zhary-s/

pixel