Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемде байлығы тасыған бес миллиардер әйел кім?

Опубликовано:

Әлемде 200-ден астам миллиардер әйелдер бар екен. Солардың ішіндегі ең бай бес әйелдің тізімін Baq.kz назарларыңызға ұсынады.

Элис Уолтон, 67 жаста

Wal-Mart Stores компаниясының мұрагері, байлығы - 33,8 миллиард доллар. Ол Wal-Mart-тың негізін қалаушы Сэм Уолтонның қызы.

2011 жылы Бентонвилль қаласында Crystal Bridges музейін ашты. Ол жерден Энди Уорхол, Ашер Браун, Норман Роквелл және Марк Ротконың суреттерін көруге болады. Элистің коллекциясындағы өнер туындылары жүздеген милион долларға бағаланады.

Тағы оқыңыздар: Толғағы қысқан жүкті әйел дәл лифтінің ішінде босанып қалды

Уолтон жұбайымен ажырасып кеткен. Баласы жоқ.

Жаклин Марс, 76 жаста

Mars концернінің иесі, байлығы - 25,6 миллиард доллар.

Ол атақты Mars Incorporated кондитерлік компаниясының негізін қалаған Франклин Марстың немересі. Сондай-ақ, осы корпорацияға әйгілі Uncle Ben’s, Pedigree және Whiskas брендтері кіреді.

Отбасылық бизнесте 20 жыл еңбек етіп, 2016 жылдан бері қайырымдылықпен айналысуда.

Екі рет күйеуге шығып, ажырасқан. Бірінші күйеуі Дэвид Баджерадан үш баласы бар.

Мария Франка Фиссоло, 75 жаста

Ferrero компаниясының қожайыны болған Микеле Феррероның әйелі. Байлығы – 25,2 миллиард доллар.

Ол 2015 жылы күйеуі қайтыс болғаннан кейін, миллионер атанған. Атақты Raffaello, Nutella, Tic Tac және Kinder брендтерінің иесі. Компанияның негізін Микеленің әкесі Пьетро Ферреро қалаған.

Сюзанна Клаттен, 55 жаста

BMW және Altana AG компаниясының негізін қалаушылардың мұрагері. Байлығы — 20,4 миллиард доллар.

Сюзанна ата-анасы Герберт пен Йоханна Квандттың BMW компаниясындағы акцияларын иемденгеніне байланысты Германиядағы ең бай әйел атанды. Сондай-ақ оған ата-анасының фармацевтикалық компаниясы Altana AG мұраға қалған.

Тағы оқыңыздар: Қымбат көлікті тістеп алған есек сот алдына келді (фото)

Клаттен тұрмыс құрған. Үш баласы бар.

Лорен Пауэлл Джобс, 53 жаста

Apple компаниясының негізін қалаушы Стив Джобстың әйелі. Байлығы — 20 миллиард доллар.

Оған күйеуінен Apple ғана емес, сонымен қатар Disney компаниясының акциялары қалған.

Лорен Terravera компаниясының негізін қалады. Emerson Collective ұйымының төрайымы. Үш баласы бар.

Еске сала кетейік, жақында әлемдегі ең бай әйел Лилиан Беттанкур 94 жасында қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1631738-alemdegi-enh-bay-bes-milliarder-ayel/

pixel