18 жасында дүниеге әкелген баласын өзгеге қимаған ана жұртты жылатты
Жарияланған күні:
Юта штатының 18 жастағы тұрғыны Ханна Монджи босана сала баласын асырап алушыларға тапсырған. Сәбиін қимай әбден жылаған ананың оқиғасы желіде тарап, көпшіліктің көңілін босатты деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Ханна 2013 жылдан бастап Кейден Уитнимен кездесіп жүрген. Ғашықтар өз ортасында шын махаббаттың сиволына айаналыпты. Бірнеше жылдар өткен соң бойжеткен өзінің жүкті болып қалғанын біледі.
Бұл жаңалықты жігіті қуана қабылдағанымен, екеуі де әлі жұмыс істемейтіндіктен, оны қалай асыраймыз деген ойға келеді. Сонымен екеуі ақылдаса отырып, оны асырап алғысы келетін жақсы адамдарға тапсырамыз деп шешкен.
Әлі алда талай баланың ата-анасы атанамыз деп сенген жастар болашақ сәбилеріне Таггарт деп ат қойыпты. Тіпті оны асырап алатындармен келісімшарт жасасып үлгерген. Күндердің күнінде Кейт сап-сау жүріп-ақ, ұйқысынан оянбай, оның жүрегі бірден тоқтап қалған.
Әбден қайғыға батқан әйел екі жақынынан бірдей айрылып отырғанын түсінеді. Дегенмен баланы жалғыз асырай алмайтынын біліп, бұрынғы шешімінен бас тартпайды.
Ханна баласының болашақ ата-аналары Брэд және Эмилмен жақсылап танысып, тіпті олармен дос болып кеткен.
Сонымен 2016 жылдың 20 наурыз күні Ханна дүниеге Таггарды алып келеді. Ол босанарда жанында құрбысындай болып кеткен Эмили (баласын асырап алатын әйел) де келген. Сәбиімен небәрі 48 сағат бірге болған ана онымен қоштасарда қимастықтан әбден жылапты. Оны көрген Эмили де жаны ашып, көз жасына ерік берген.
Ханна баласы ер жетіп өскенде "мені қандай қатыгез ана туды" деп ойламас үшін, онымен қоштасу сәтін видеоға түсіріпті. Таггарт есін білген кезде асыраушылары көрсетер деген үміт болғанын айтады.
"Тэг өскен кезде оны туған ана қалай қимай қоштасқанын, маған қаншалықты ауыр болғанын және менің неліктен мүндай қадамға барғанымды білсе екен", - дейді Ханна.
Желі қолданушыларының жүрегін елжіреткен видеоны Ханнаның баласы ешқашан көрмейтін сияқты. Себебі ол өзі туған Таггардпен күн сайын жүздеседі. Асырап алушылардың отбасына бала күтушісі болып жұмықа орналасыпты.
Таггард қазір дені сау, сүйкімді болып өсіп келе жатыр. Хана бүгінде 21 жасқа, ал баласы екіге толған
Эмили Ханнаға өмір бойы қарыздар екенін, оған ана бақытын сыйлағаны үшін мәңгілік алғыс айтып өтетінін жеткізді.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1712560-18-zasynda-dniege-kelgen-balasyn-zgege-kimagan-ana-zrtty-zylatty/