Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыздық пердесін "жасатып" тұрмысқа шыққан келіншектің әрекеті әшкере болды

Жарияланған күні:

Әртүрлі елдердегі жүздеген мың пайдаланушының өмірін қиындатқан GetContact жаңа мобильді қосымшасы Әзірбайжанда бұғатталды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото интернет желінде алынды.
Фото интернет желінде алынды.: UGC

Әлем жұртшылығын алаңдатқан бұл қосымшаның атрықшылығы мен кемшін тұстарын NUR.KZ порталы түсіндіреді.

GetContact-тың қүпиясы неде?

Түрік мамандары әзірлеген «тыңшылық» қосымшасы жақында пайда болды және Арменияда аса танымал.

Егер адам GetContact-ке тіркелсе, ол өзінің контактілерімен байланыса алады, сол арқылы қолданба дерекқорын толтырады. Одан кейін іздеу жолына ұялы телефон нөмірі жазылады және бұл қосымша абоненттің басқа адамдармен контактілерінде қалай жазылғанын көрсетеді.

Бірақ бұл тек осы «тыңшылық» қосымшасын қолданатындарда ғана көрінеді.

Дегенмен, бастапқыда мұның пайдасы да болды. Сізге белгісіз нөмірден телефон шалса, кім екенін білгіңіз келсе, дәл осы GetContact көмекке келеді. Нөмірді теріп іздесеңіз, қоңырау шалған адамның есімін біле аласыз.

Дегенмен бұл қосымша шынымен де қауіпті.

«Мен күйеуімнің сатқындықтары туралы білдім»

1news.az-тің хабарлауынша, GetContact-тың пайдаланушылары өздерінің сүйікті жұбайларының сатқындықтары туралы білген. Бір әйелдің күйеуі көңілдесінің есімін ер адамның атымен сақтаған.

Ал келесі бір ару өз сүйіктісінің үйленген екенін осы телефон қосымшасы арқылы біледі. Дегенмен бұдан ол қыз өзінің алданғанын білгені үшін де, бұл қосымшаның артықшылығын бағалау керек болады.

Әйел қызығушылығы – қорқынышты күш, сондықтан қазір қыздар өздерінің сүйіктілерінің адалдығын сынау үшін жаппай бағдарламаны орната бастады.

Бірақ бұл тек алданған әйелдерге қатысты емес. Мұнда неғұрлым маңызды нәрсе бар: мысалы, медициналық құпияларды ашу.

Гинеколог ретінде жұмыс істейтін Әзірбайжан дәрігері өз пациенттерінің аты мен диагнозын жазады. Нәтижесінде қыздық пердесін қалпына келтіріп тұрмысқа шыққан пациенттің біреуі күйеуімен ажырасып кеткенін біледі.

Жалпы алғанда, бағдарламаның жағымсыз жақтары жетерлік.

Оқып болғаннан кейін жою

Бірқатар елдердің билігі бұл жағдайға қатысты жауап берді. Осылайша, жеке деректерді қорғау агенттігі азаматтарды бұл қосымшада тіркелмеуге және нөмірін дерекқордан жоюға шақырды, деп хабарлайды Panorama.am тілшісі.

Сондай-ақ, 7 ақпан күні Әзірбайжандағы қолданушыларға рұқсат берілмеді. Оны жүктеуге болады, бірақ ашылмайды. Бұғаттаудың себебі, құпиялылық құқығын бұзу болуы мүмкін.

Қазақстанның Ақпарат және байланыс министрлігі де бұл жағдайға байланысты NUR.KZ тілшісіне түсініктеме беруге уәде етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1715825-kyzdyk-perdesin-zasatyp-trmyska-sykkan-kelinsekti-reketi-skere-boldy/