jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Туған анасын 10 жыл бойы іздеген бойжеткен оны желі арқылы тапты (фото)

: UGC

22 жастағы малайзиялық Аю Разак биологиялық анасын табу үшін 10 жылын сарп еткен. Алайда іздеу шаралары ешқандай нәтиже бермегеннен кейін амалы таусылған бойжеткен анасының суретін Twitter желісінде жариялайды. Ал бір тәулік өтпей жатып, ол әйелмен байланысуға мүмкіндік алған деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

Аю өзінің асыранды қыз екенін 12 жасында біледі. Осыдан бастап бойжеткен туған анасымен кездесуді армандап, оны іздей бастайды. Ол өзін өмірге әкелген әйелдің жұмыс орнын, атын білсе де, тіпті қолында анасының суреті болса да 10 жыл бойы таба алмаған.

Сөйтіп, амалы таусылған бойжеткен қолында бар ақпарат пен анасының фотосын Twitter желісінде жариялап жібереді.

Желіде таралған хабарламада Аю анасының есімі Сити Розани екенін, ол Сандакан қаласында тұратынын, биыл жазда тұрмысқа шығатынын, тойында өзінің туған анасын да көргісі келетінін жазады.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

Желі қолданушыларын қыздың бұл хабарламасы бей-жай қалдырмай, олар Аюға көмектесуді ойластырады. Бойжеткеннің хабарламасымен бір тәулік ішінде 20 мың адам бөлісіп, 18 сағаттан кейін Аюдың анасы байланысқа шығып, сол күні қызы мен анасы қауышады.

Белгілі болғандай Аю дүниеге келгенде Ситидің бірнеше баласы болған. Әйел қызын асырай алмайтынын біліп, оны басқа әйелге беруге мәжбүр болады.

Аюдың сөзінше, ол өзін қазір бақытты адам сезінеді. Себебі оның екі анасы бар. Аю екі әйелді де өз тойына шақырған. Сонымен қатар бойжеткен қуанышты күніне өзі өмірі көрмеген туған бес ағасы мен сіңілдері де келеді деген үмітте.

Туған анасын 10 жыл бойы іздеген бойжеткен оны желі арқылы тапты (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.