jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

Мектепке ерсі суреті бар жейде киген оқушының басы бәлеге қалды (фото)

: UGC

Америкадағы Техас шатының тұрғыны Энтони МакКуллар аяғын талтайтып тұрған әйел бейнеленген жейдесімен мектепке барған. Ерсі суретті ол танымал фастфудтың тауар белгісімен шатастырып алған көрінеді деп хабарлайды fishki.net-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Энтони атышулы жейдесін туыстарының балаларынан қалған киімдер арасынан тауып алған. Жейдедегі ерсі суретті байқамаған бала оны Макдональдс белгісі деп қабылдапты.

Аяғын талтайтып тұрған әйелден бөлек киімде «Мен жақсы көретін нәрсе» деген жазба да бар екен.

Баланың анасы Шелли Маккулар ұлының қателігі үшін мектеп басшылығы мен мұғалімдерінен кешірім сұрауға мәжбүр болған. Ол ұлының бұл қылығын оның білместігімен түсіндірді.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

МакКуллар отбасы тіпті интернет желісіне осы оқиғаға қатысты пікір білдіру үшін видео түсірген. Бейнежазбада олар бұл ерсі суреттің расымен де атақты фастфуд жүйесінің белгісіне ұқсас екенін айтты.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Энтонидің айтуынша, кешке дейін оған бірде-бір мұғалім жейдеге қатысты ескерту жасамапты. Олар да бұл суретті Макдональдс логотипі деп ойлады дейді Энтони.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC
Шелли енді ұлының киіміне жіті бақылау жасайтынын айтып, болашақта мұндай ағаттық жібермеуге тырысатынын жеткізді.

Анасы мен баласының бейнежазбасы желіде 55 мың қаралым жинаған. Көпшілік бұл оқиғаны күлкілі деп санап, мұндай жағдайлар өмірде болып тұратынын айтып қолдап жатты.

Мектепке ерсі суреті бар жейде киген оқушының басы бәлеге қалды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.