jitsu gif branding logo appbranding logo app

Ота жасап тұрып билеген хирург сау әйелді сал етіп қойды (видео)

: UGC

АҚШ-тың Джорджия штатында Винделл Дэвис Боутте атты хирург өзінің ауыр жұмыс күнінен жалығып, ота жасап жүріп билегенін видеоға түсірген. Салдарынан науқастардың бірі сал болып қалды деп хабарлайды Life.Ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Фото: Life.ru
Фото: Life.ru: UGC

Винделл Дэвис Боутте ота барысында көңіл көтерген видеосын желіге саламын деп, бар абыройынан айырылды. Ол хип-хоп стиліндегі әнді қойып, билеп жүріп жұмыс істеген. Хирург өз әрекетін қалыпты жағдай санағанымен, оның аяғы қайғылы жағдайға алып келген.

Көңілді отаның құрбаны болған - 55 жастағы Иклима Корнелиус. Ол тұрмысқа шығар алдында ішіндегі артық майын пластикалық ота арқылы алдырумақ болыпты. Ал ота барысында әйелдің жүрегі тоқтап қалады. Белгілі болғандай, хирург оған анестезия салу барысында қате жіберген.

Ота барысында әйелдің жағдайы нашарлаған соң, хирург дереу жедел жәрдем шақырады. Медициналық қызметкерлер оның жүрегін қайта жүргізеді. Бірақ ауруханаға жеткенше оның ашық жатқан ағзасына инфекция түспес үшін Боутте әйелдің терісін арнайы дәрімен өңдеген. Оған қоса науқас жатқан кереует лифтіге сыймай, баспалдақ арқылы алып түсуге тура келіпті.

Когда Корнелиус ауруханаға жеткен кезде, оның миы оттегі жетіспеушілігінен зақымданғаны анықталған. Дәрігерлер оның өмірін аман сақтап қалғанымен, ол өмір бойына сал болып қалды. Ол қазір тіпті, сөйлей де алмайды.

Қайғылы оқиғадан кейін әйелдің туыстары хирургты сотқа берген. Тергеу барысында Боуттенің басқа пациенттері де отадан зардап шеккендерін айтып шағымданнған.

Қазір хирург науқастарға өтемақысын төлеп, жұмысын жалғастырып істеп жүр.

Ота жасап тұрып билеген хирург сау әйелді сал етіп қойды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.