Әлемнің ең сұлу арулары қандай жағдайда көз жұмды?
Жарияланған күні:
Көркімен көз сүріндірген сұлулар түрлі байқауда жеңіске жетіп, әдемі тәжді иемденгенімен, кейде оның қызығын ұзақ көре алмай жатады. Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы әлемдегі ең әдемі арулардың қандай жағдайда көз жұмғаны туралы мәліметтерді назарға ұсынады.
"Miss Universe Beauty" халықаралық конкурсының 2018 жылғы жеңімпазы, қырғызстандық Сәния Шәкірова жол апаты салдарынан көз жұмды.

Такси жүргізуші рөлге ие бола алмай, автокөлік зираттың қоршауына соғылған. Көлікте барлығы үш адам болыпты. Шәкірова ауыр жарақат алып, оқиға орнында жан тапсырған.
2017 жылдың шілде айында 22 жастағы "Мисс Қырғызстан" байқауының жеңімпазы Жібек Нүкеева қайтыс болған. Ол ұзақ уақыт дертімен арпалысса да, одан еш нәтиже болмай, сегіз айлық баласын жетім қалдырған.

Қырғыз аруы өзінің ауруы туралы жүктілігінің жетінші айында бір-ақ біледі. Ол желіде өзінің жағдайы туралы жазып, дертімен қалай күресіп жатқанын мәлім еткен.

2017 жылдың күз айында қыздар жатақханасының бөлмесінен 21 жастағы Кели Нельсонның өлі денесі табылды. Ол "Мисс Альянс" және "Мисс Чадрон" байқауларында алдыңғы қатарға шығып, осы жылдың маусым айында "Мисс Небраск" конкурсына қатысуы керек болған.
Полиция оның өлімін "өз-өзіне қол жұмсау" деп бағалап, біреу қасақана өлтірді деген нұсқаны қарастырмай қойған.

2014 жылды күзінде "Мисс Гондурас — 2014" байқауының жеңімпазын өз әпкесінің жігіті атып өлтірген. Плутарко Руистің айтуынша, ол өз сүйіктісін қызғанып, араларында дау туындаған. Соңында азамат өзінің кездесіп жүрген қызын өлтіріп тастайды. Сондай-ақ оның сұлу сіңлісін де жайына қалдырмай көзін жойған.


Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1735300-lemni-e-slu-arulary-kandaj-zagdajda-kz-zmdy/