Ресейдің жоғалып кеткен Ил-20 ұшағын сириялық Әуе қорғаныс күштері құлатқан
Жарияланған күні:
Жерорта теңізінің үстінде жоғалып кеткен Ресейдің Ил-20 ұшағын сириялық Әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері құлатқан деп хабарлайды Ресей сыртқы істер министрлігі. Мекеменің хабарлауынша, бұл әрекетке Латакия провинциясының ғимараттарына шабуылдаған израильдік ұшақтар себеп болған. Оқиға нәтижесінде 15 ресейлік әскери қызметкер қайтыс болды.
"Ресей ұшағының атын жамылған израильдік ұшқыштардың әрекетінен соң ресейлік әскери қызметкерлер Сирияның әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері жаудырған оттың астында қалған. ИЛ-20 кешеннің С-200 зымыраны арқылы жасалған соққыдан зардап шеккен",- деп хабарлады Ресей сыртқы істер министрілігінің ресми өкілі Игорь Конашенков.
Оның сөзінше, израильдік авиациялық басқару құралдары мен ұшқыштардың ресейлік ұшақтарды байқамай қалуы мүмкін емес.
"Израиль әскерлерінің жауапсыздығынан 15 ресейлік әскери қызметкер қайтыс болды. Бұл Ресей-Израиль арасындағы серіктестікке сай іс емес",- деді ол.
Сыртқы істер министрлігі өкілінің айтуынша, дүйсенбі күні кешке Израильдің BBC F-16 ұшағы Латакия қаласының аудандарына Жерорта теңізі бағытынан шабуыл жасаған.
"Израиль ұшақтары әдейі су үстіндегі кемелерге қауіпті жағдай тудырған. Ол жарылғыш заттарды "Оверн" фрагетасынан бағыттапты. Осы маңда Ресейдің ИЛ-20 ұшағы қонатын орын да болған" ,- деді Конашенко.
Осыдан бұрын сыртқы істер министрлігі бортында 14 әскери қызметкер бар Ил-20 ұшағы Сирияның Латакия провинциясында жоғалып кеткенін хабарлаған болатын.
Дереккөз: Би-би-си ресейлік қызметі
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1753330-resejdi-zogalyp-ketken-il-20-sagyn-sirialyk-ue-korganys-ksteri-klatkan/