Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украина әскери күштерін жауынгерлік дайындыққа көшірді

Опубликовано:

Украинаның Қорғаныс министрлігі Ресей тарабымен Керчь бұғазында орын алған қақтығыстан кейін елдегі әскери күштерді жауынгерлік әзірлік жағдайына көшірді. Мұндай тапсырманы Бас штаб жетекшісі берген деп хабарлайды Украинаның Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған РБК.

Көрнекі фото: donpress.com
Көрнекі фото: donpress.com: Getty Images

Ұлттық қауіпсіздік кеңесі 26 қараша күні түнде жауынгерлік жағдай режимін қабылдау қажеттігі туралы хабарлағаннан кейін осындай шешім қабылданған. Оған қатысты қорытынды рұқсатты Жоғарғы рада қабылдайды екен. Маңызды мәселе талқыланатын жиын бүгін, 26 қарашада өтуі тиіс.

Еске салсақ, 25 қараша күні таңертең Керчь бұғазында ресейлік шекарашылар Украинаның үш бірдей ВМС кемесін ұстаған.

Ресей өкілдері мәлім еткендей, кемедегі әскери қызметкерлер мемлекеттік шекараны бұзып, талаптарға ешбір жауап қатпаған. Содан кейін от қоюға мәжбүр болыпты. Алайда Украина жағы атап өткендей, кемелер негізсіз тіркеуге алынған және олардың бірінің қозғалтқышы мен басқа да бөліктеріне зақым келтірілген.

Сондай-ақ үш украиналық теңізші жарақат алыпты. Осы жағдай орын алған тұста ресейліктер әуеге бірден әскери ұшақтарын жіберген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1765471-ukraina-skeri-ksterin-zauyngerlik-dajyndykka-ksirdi/

pixel